Шартарап

Скрипальдар ісі: Ұлыбритания екі адамды улау кімнің әрекеті екенін айтты

  • © Sputnik / Алекс Макнотон

    © Sputnik / Алекс Макнотон

2018 жылдың көктем-жазында Солсбери мен Эймсбери кішкентай ағылшын қалаларында бірнеше адам белгісіз заттан уланған. Олардың арасында екі Ресей азаматы және төрт ағылшын болды: бір полиция қызметкері, екі Эймсбери тұрғыны, Солсберидің бір әйел тұрғыны.

 

Олардың барлығы дерлік қалпына келді, тек солсберилік әйел қайтыс болды.

 

Эймбери де, Солсбери де әйгілі Портон Даун әскери биозертханасының жанында орналасқан. Онда планетадағы ең қауіпті химиялық және биологиялық заттар сақталады. Мысалы, зертхана ғалымдары рицин сияқты улармен белсенді жұмыс істейді және жақында оған қарсы препарат ойлап тапты, деп жазады РИА Новости.

 

Портон Даун адамға жасаған тәжірибесі арқылы танымал. Соғыстан кейін бірден ағылшын ғалымдары Германиядан улардың, химиялық және биологиялық қарулардың бүкіл коллекциясын алып, онымен белсенді тәжірибе жасай бастады. Тәжірибе үшін ағылшын әскери қызметшілері пайдаланылды. Олар газ камераларына қамалды, олардың терісіне өлімге әкелетін у төгілді. Тәжірибе барысында олар көру, есту қабілеттерін ішінара жоғалтты, қатты ауырсыну мен құрысуды бастан кешірді.

 

1953 жылы эксперимент жүргізушілер ұшқыш Рональд Маддисонның қолына жүйкенің салына әкелетін зат салды. Жас жігіт қайтыс болды. Сот оның өлімін кездейсоқтық деп таныды. Мұндай жағдайларды британдық тарихшы Роб Ивенс өзінің "Газдан уланған: Портон Даундағы адамдарға жасалған әскери-химиялық тәжірибелер" кітабында егжей-тегжей сипаттайды.

 

Британдық әскери тәжірибелерге мыңдаған адамдар қатысуға мәжбүр болды. Дәрігер Менгеленің эксперименттерін еске түсіретін бұл тәжірибелер 1989 жылға дейін жалғасты.

 

1960 жылдары Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Лондон метросында биоқаруды қолданып, шабуылдар жүргізді. Залалсыздандырылған сібір жарасы бөлшегін талькпен араласып, желдету жүйесі арқылы шашты. Мұның бәрі метро станцияларында қалай таралатынын бақылады. Әрине, лондондықтарға бұл туралы ескертілмеді.

 

Елде үнемі мұндай жағдай қайталанып тұрды. 1978 жылы болгарлық диссидент Георгий Марков Лондонның дәл орталығында рицинмен уланды. 2002 жылы сол Лондондағы кейбір террористер улы затты синтездеуге арналған барлық компонентті тапты. 2006 жылы Пиккадиллиде полонийдің іздері табылды — осыдан кейін ағылшын билігі тез арада "Литвиненконың ісі" деп тіркеді.

 

Жалпы, британдықтардың улы заттармен қауіпсіз жұмыс істеу тұрғысынан өткені өте нашар. Портон Даун маңында адамдар жүйелі түрде уландыратыны таңқаларлық дүние емес.

 

Алайда 2018 жылы Солсбериде уланған адамдардың арасында бұрынғы кеңестік барлаушы-дефектор Сергей Скрипаль және оның қызы Юлия болды. Содан кейін басталды. Британдық насихат жүргізушілер Скрипальдарды ресейліктер өлтіргісі келгенін айтты.

 

Әкесін бір кездері сатқын болғаны үшін, ал қызын жай компания үшін өлтіргісі келгенін айтты. Осылайша әйгілі "Скрипаль ісі" пайда болды.

 

Осы сюжеттегі барлық сәйкессіздіктерді тізімдеу – оны жасаушылардың диірменіне су құюмен тең. Біз осы сандыраққа қаншалықты қарсы шықсақ, соғұрлым оған мән береміз. Одан гөрі бұл оқиғаның басқа британдық арандатушылыққа қаншалықты ұқсас екенін көрейік.

 

Пьер Ришар түскен "қолшатыр арқылы ине салу" деген ескі күлкілі француз фильмі болды. Ол британдық барлау қызметтері диссидент Марковтың өліміне қатысты таңқаларлық оқиғаны қайта баяндайды. 1978 жылы бір болгарлық комитетші оны Ватерлоо көпірінде күтіп күндіз рицинмен майланған қолшатырмен түртіп қалған деген нұсқа қосылды. Содан әлгі диссидент британдық дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан көп ұзамай қайтыс болды.

 

Ағылшын барлау офицерлері мен Скотланд Ярд қызметкерлері қанша тырысса да, бұл нұсқаның пайдасына бір де бір дәлел табылған жоқ. 2013 жылы Марковтың өлімі туралы іс дәлелдердің жоқтығынан жабылды. Болгариялық тергеуші диссидентті ағылшын ауруханасындағы дәрігерлер жай ем көрсетті деп ұсынды.

 

Алайда бұл жалған ақпарат әлі күнге дейін интернетте жүр және болгарлық және кеңестік арнайы қызметтерге қарсы үгіт-насихаттың негізіне айналды. Мифтің бір нұсқасында КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Болгар әріптестеріне "көмектесті" делінген.

 

Жиырма жылға жуық Марковтың өліміне қатысты болгарлық тергеуші журналист Христо Христов ақпарат жинады. Ол жаңа кітапта жазды, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағаттарын ашуды талап етті. Болгар коммунизмімен күресті. Алайда 2013 жылға қарай бұл тақырыптың әлдеқашан жабылғаны белгілі болды. Оның кітаптарын ешкім оқымады, ал Марковтың кім екенін бәрі ұмытып кетті. Славяндардың әсери күші туралы қайта тақырыпты қыздыру қажет болды.

 

Содан кейін Христо Христов орнына ағылшын арнайы қызметтерінің "тәуелсіз журналисі" ретінде оның отандасы, құрдасы Христо Грозев келді. Өзінің алдында қызмет еткен әріптесінің барлық риторикалық әдісін қолданып, ол қиялының батылдығы тұрғысынан асып түсті. Грозев қоғамға жаңа тақырыптарды үнемі берген жағдайда ғана өз позициясын сақтауға болатынын түсінді. Бұл жерде мұрағат ақтарудың қажеті болмады. Грозев жылдам түрде жалған ақпарат тарата бастады.

 

Алдымен бұл Петров пен Боширов болды. Яғни, шын мәнінде, Чепига мен Мишкин. Олар шындығында Бас барлау басқармасынан еді. Олар Скрипальдарды улады. Бұған дейін Чехословакиядағы қойманы жарды. Балқан түбегіндегі тауларда жүрді. Олар кейбір ресейлік оппозиционерлерге жамандық жасады.

 

Болгарияда тағы бір адамды улады. Үзілісте олар қандай да бір үйлену тойында болды. Онда олар генералмен суретке түсті. Неліктен полковник емес, неге генерал?

 

Сонымен, үйлену тойында генерал болды. Ол да демек Бас барлау басқармасынан. Бұл үйлену тойындағы генерал да Скрипальдарды улаған сияқты. Алайда ол Солсбериде ешқашан болмаған. Генералдың аты – Сергей Федотов. Яғни, Денис Сергеев. Мүмкін Сергей Денисов, алайда бұл маңызды емес. Міне, бұл жалған тұлға, оның бар екендігі ешкімге дәлелденбеген және Ұлыбританияның корольдік прокуратурасының оған қояр сұрағы бар. Себебі олар соны "үшінші күдікті" деп танып отыр.

 

Шын мәнінде, Скрипкальдармен болған оқиғаға қатысты ресейлік емес, британдық билікке сұрақтар болу қажет. Алдымен әкесі мен қызы қандай да бір жағдайдың құрбаны болды ма, әлде Портон Даун мамандарының адамдарға жасаған қандай да бір тәжірибесі болды ма, содан кейін олар ауруханаға түсті, оларға не істегені белгісіз, соңында екеуі де жоғалып кетті.

 

Ресей азаматы Юлия Скрипаль камера алдында бір рет шықты, оның түрінен қорқып отырғанын байқауға болады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Ресей мен Ұлыбритания азаматы Сергей Скрипальды ешкім көрмеген. Оған не болды? Оларды ұрлап кетті ме? Күштеп ұстап отыр ма? Олар тірі ме?

 

Өз қылмыстарын немесе қылмыстық қателіктерін жасыруға тырысқанда, ел басшылығы Bellingcat-қа Ресейге қарсы жалған ақпараттық науқанға тапсырыс беріп, айғақтарды тез арада жоя бастады.

 

Скрипальдің үйі қиратылды, олар тіпті шатырына дейін өзгертті. Содан кейін барлаушының мысығын өлтірді.

 

Ұлыбритания үкіметі әлі күнге дейін ешқандай дәлел келтірмеді, Ресей билігінің сараптама жүргізу туралы көптеген ұсыныстарын қабылдамады, ресейлік дипломаттардың Скрипальдармен кездесуіне жол бермеді, тұтастай алғанда, өркениетті қоғамда қабылданған Халықаралық тергеудің барлық нормаларын бұзды.

 

Британдық оппозицияның жетекшісі Джереми Корбин қауымдар палатасында "Скрипальдардың ісін" жалған деп дұрыс сынға алды, ал оның ресми өкілі бұл арандату мен Колин Пауэлл Саддам Хусейннің химиялық қаруы ретінде атаған әйгілі ақ ұнтақ сынауығы арасында параллель сызық орнатты.

 

Британ үкіметі халықаралық қоғам алдында Скрипаль ісі үшін жауап беретін уақыт келді. Әрине, мысық үшін бөлек жауап беруі қажет.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 09:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31