Солтүстік Корея басшысының әйнек табытта жатқан фотосы жариялады
Ким Чен Ынның әйнек табытта жатқан суреті әлеуметтік желіде, әсіресе, твиттерде таралған. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда, бұл суреттегі адамның нақты Кич Чен Ын екендігі расталмаған көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ким Чен Ын жүрек отасынан көз жұмғаны жайында ақпарат пайда болды. Көп ұзамай, оның отбасылық пойызының спутниктік суреті жарияланды. және оның тірі екендігі туралы Оңтүстік Корея президентінің кеңесшісі сұқбат берді.
Екі күн бұрын Қытай медициналық тобының Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.
Сонымен бірге, Ким Чен Ынның өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын, оның орнына қарындасының келуі мүмкін екенін және Солтүстік Корея басшысының өлімі ядролық соғыс қаупін тудыратынын хабарлағанбыз.