Солтүстік Корея Оңтүстік Корея бекетіне не себепті оқ атты?
Солтүстік Корея өкілдері өткен демалыста Оңтүстік Корея бекетіне не себепті оқ атқанын жариялаған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі әскери байланыс желісі бойынша солтүстіктегі әріптестерімен хабарласып, бұл оқиғаны түсіндіруді сұраған болатын. Алайда әзірге жауап алған жоқ.
Оңтүстік Кореяның ресми өкілдері Ким Чен Ынға медициналық операция жасалмағанын хабарлайды. Солтүстік Корея басшысының ұзаққа жоғалып кетуін осымен түсіндірген болатын.
Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі Солтүстік Кореяда ел басшысының қарындасы Ким Ё Чжон-ның ықпалы өскені туралы хабарға түсініктеме берді.
Чо Хе Силь, Корея Республикасы елді біріктіру министрлігінің өкілі:
– Ким Ё Чжон өткен жылдың соңында Еңбек партиясының бесінші пленумында партия бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ Орталық Комитеттің саяси бюросына мүшелікке үміткер болып сайланды. Соңғы кезде ақпарат құралдары Ким Е Чжонның елдегі ықпалы өскенін хабарлап жатыр. Алайда оның Орталық Комитет басшылығы құрамына кіргені туралы бізде мәлімет жоқ.