Шартарап

Солтүстік Корея ресейлік кемені басып алды: Оқиғаның мән-жайы

  • © АиФ Калининград

    © АиФ Калининград

Солтүстіккореялық шекарашылар ресейлік "Сянхайлинь-8" сейнерін басып алған. Бортында экипаждың 17 мүшесі, оның ішінде Оңтүстік Кореяның екі азаматы болған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Кемеге иелік етуші компания директорының орынбасары Сергей Седлер оқиғаның 17 шілдеде болғанын айтады. Кемені басып алуға басты себеп - "әскери күзетілетін аймақ" шекарасына заңсыз кіру. Бұл аумақты КХДР жағалаудан 50 теңіз миль қашықтықта бекітіп тастаған.


Оның айтуынша, сейнер күнделікті бағытымен кетіп бара жатқан - ресейлік Приморьеде шаян аулап, Зарубинода құжаттарды рәсімдеп, оңтүстіккореялық Сокчоға апара жатқан.


Кеме иесінің өкілі экипажды екіге бөлгендерін айтады: капитанды, екі көмекшісін және екі оңтүстіккореялық мамандарды қонақүйде ұстап отыр, ал қалғанын каютадан шығармайды отыр екен. Күн сайын жауап алып, бақылау жүргізіледі, сондай-ақ кемеде су мен азық-түлік таусылды деген қауіп бары да айтылады.


Ресейлік дипломаттар осы мәселені шешуге кіріскен.


"Біздің елшілік жағдайды біледі, дипломаттар кірісіп кетті. Менің білуімше, олар экипаж мүшесімен кездескен", - деді Ресей Сыртқы істер министрлігінің Владивостоктағы өкілі.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31