Солтүстік Корея зымыран ұшырды

05 наурыз 2022, 13:38

Солтүстік Корея Жапон-Шығыс теңізіне қарай қайтадан белгісіз снаряд ұшырды. Болжам бойынша ол баллистикалық зымыран болуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Айта өтейін, Солтүстік Корея елі жыл басынан бері осымен тоғызыншы рет зымыран ұшырып отыр.

 

Соңғысы бір апта бұрын жүзеге асырылды. Сол кезде ел билігі зымыранның барлау спутнигін жасаумен байланысты зерттеу жұмыстары аясында ұшырылған айтқан еді.

 

Бірақ Жапония үкіметі бұл әрекетті қатаң сынға алып жатыр.

 

Нобуо Киси, Жапонияның қорғаныс министрі:

 

- Солтүстік Кореяның әрекеттері, соның ішінде бірнеше рет зымыран ұшыруы Жапонияның осы аймақ пен халықаралық қоғамдастықтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тағы да қайталап айтамын, мұндай әрекеттерге жол берілмеуі керек.