Солтүстік Кореяда 1 млн 200 мың адам вирус жұқтырған

16 мамыр 2022, 12:53

Солтүстік Кореяда коронавирус індетінің таралуы күшейіп жатыр.

Соңғы күні 400 мыңға жуық адамнан вирус анықталып, вирусты жұқтырғандар саны 1 миллион 200 мыңнан асқан. Дерттен тағы 8 адам көз жұмған. 500 мыңнан аса науқас карантинде. Індеттің өршуіне байланысты мемлекет басшысы Ким Чен Ын дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу ісіне әскерилерді жұмылдыру бойынша бұйрық берді. Солтүстік Кореяда коронавирус сәуірдің аяғында тіркелген. Дерт қалай тарағаны беймәлім. Сарапшылар бұл елде індеттің салдары ауыр болуы мүмкін деп отыр. Себебі 26 милион тұрғыны бар мемлекетте халықтың дені коронавирусқа қарсы егілмеген.