Шартарап

Солтүстік Кореяда өлім жазасына кесетін 318 полигон табылды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Солтүстік Кореяда режимге бағынбайтын немесе заңды бұзғандарды халық алдында өлім жазасына кесетін 318 полигон табылды.


Бұл туралы оңтүстіккореялық үкіметтік емес ұйым мәлімдеді. Құқық қорғау ұйымының мамандары соңғы төрт жылда Солтүстік Кореядан қашып шыққан 610 қашқынмен әңгімелескен.


Құжатқа сай халық алдындағы өлім жазасына көбінесе сиыр ұрлағандар мен оңтүстіккореялық телебағдарламаларды көргендер тартылады. Өлім жазасы үкімін орындау өзен жағалауларында, базар маңында немесе мектеп пен стадиондарда өтеді.


Ұйымның есебіне сәйкес, оны көруге мыңдаған адам жиналатын көрінеді. Ал қылмыскерлердің туыстары мен балаларын тіпті келіп көруге мәжбүрлейді екен.


Сара Сон, үкіметтік емес ұйымның мүшесі:


- Өлім жазасын тағайындаудың екі басты мақсаты бар. Оның бірі – халыққа саяси ұстанымдарды еске салу. Екіншісі – қарапайым тұрғындарды қорқынышта ұстау. Сондай-ақ өлім жазасына сиыр немесе ұлттық тағамдарды ұрлағаны үшін, мүлікті зақымдағаны үшін кесіледі екен. Елден қашып шыққан азаматтардың айтуынша, оларды кемінде екі-үш мәрте өлім жазасын көруге мәжбүрлеген.


 24.kz




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30