Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сот отырысында адвокат ұятқа қалды (видео)

10 ақпан 2021, 17:30

АҚШ-тың Техас штатының адвокаты Zoom-да өткен онлайн сот отырысына мысықтың виртуалды маскасымен қатысты.

 

 

Род Понтон мүлікті тәркілеу ісіне қатысты отырыста фильтрді жоя алмады, деп хабарлайды NBC news.

 

Жағдайды түзей алмаған соң отырысты осылай жалғастыруға мәжбүр екенін жеткізді.

 

"Мен осылай жалғастыруға дайынмын. Мен онлайнмын, мысық емеспін", - деді ол әріптестерінің көңілін көтеріп.

 

Ерекше отырыстан соң 394-ші сот округінің судьясы Рой Фергюсон онлайн жиындар алдында баптауларды тексеруге кеңес берді.

 

"Компьютерді балаңыз қолданса, баптауларды тексеріп, фильтрлерді алып тастаңыздар. Бүгін мысық сотта қаралған іске қатысты ресми мәлімдеме жасады", - деп жазды ол Twitter-де.

 

Ал адвокат көшіп жатқандықтан, көмекшісінің компьютерін алғанын айтты.

 

Еске салсақ, бұған дейін америкалық журналист Джастин Хинтон тікелей эфирде ұқсас жағдайға тап болған еді.

 

 

 

sputnik.kz