Шартарап

Сталиннің алдында өнер көрсеткен биші Григорий Чапкис қайтыс болды

  • Сталиннің алдында өнер көрсеткен биші Григорий Чапкис қайтыс болды

    Сталиннің алдында өнер көрсеткен биші Григорий Чапкис қайтыс болды

Кеңес және украин бишісі, хореограф, үш халықаралық байқаудың лауреаты, Украинаның халық әртісі Григорий Чапкис қайтыс болды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Григорий Николаевич Чапкис өмірден өтті. Танымал биші, тұлға. Мінезді, энергиясы күшті, өмір сүруге деген ұмтылысы және "паркеттегі қозғалысымен" ерекшеленетін еді. Оның мектебін, украин биінің тарихына қосқан үлесін ешқашан ұмытпаймын. (...) Үлгі алуға тұратын адам. Би - жұмысы емес, өмірі болған адам", - деп жазды Зеленский.

Григорий Чапкис 1930 жылы 24 ақпанда Кишиневте дүниеге келген.

Соғыс аяқталғаннан кейін Чапкис теміржол мектебіне және "Еңбек резервтері" қоғамының ән-би ансамбліне оқуға түскен. Ол 1945 жылы 15 жасында КСРО-ның саяси элитасы алдында Кремльде өнер көрсетті. Чапкис сұхбаттарының бірінде Сталин тізесіне отырғызып, сағат сыйлағанын да айтқан.

 
 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 02:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31