Суданда 16 мың қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті

13 маусым 2022, 08:42

Суданның Қызыл теңіз аймағында 16 000-ға жуық қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті. Оқиға экологиялық апат қаупін төндіреді, - деп хабарлайды Gazeta басылымы.

Басылым мәліметінше, кеме шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмағандықтан суға батқан. Апат кезінде бортта 15 800 бас қой болған. Ал кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген, тек 9 мың бас малды тасымалдай алатын айтылған.

 
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кейбірінің есебі бойынша, малдан келген шығын 4 миллион долларды құрап отыр.

Суакин айлағы Суданның солтүстік-шығысында, Қызыл теңіздің жағасында орналасқан. Бұрын ол Қызыл теңізге жағалауында орналасқан, осы өңірдегі ең басты айлақ болатын. Қазір ол солтүстікке қарай 60 км қашықтықта орналасқан Судан айлағынан кейін, екінші маңыздағы порт.

kaz.tengrinews.kz