Шартарап

Сұмдық жайт жазылған хат қалдырды: анасы сәбиді есік алдына тастап кетті

  • Сұмдық жайт жазылған хат қалдырды: анасы сәбиді есік алдына тастап кетті

    Сұмдық жайт жазылған хат қалдырды: анасы сәбиді есік алдына тастап кетті

 Жантүршігерлік оқиға АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласында болған


Анасы туған сәбиін есіктің алдына тастап, хат қалдырған, деп жазады Metro басылымы.


Орландо қаласында жылап жатқан нәрестені анасы үйлердің бірінің есік алдына тастаған. Жас ана сәбиін көйлекке орап, оның арасына сұмдық жайтты баяндайтын хат қалдырыпты. Онда нәрестенің әкесі оларды өлтірмекші болғаны әрі сәбиінің кеше ғана дүние есігін ашқаны жазылған.


"Ол жуынатын бөлмеде болды. Сәбиімнің әкесі бізді өлтіргісі келді. Бұл жағдайды құпияда ұстап, баланы ауруханаға апарыңыздаршы, өтініп сұраймын! Оның әкесі – қауіпті адам. Мұндай жағдайдың болуы өте өкінішті. Мен оны жуындырып, тамақтандыруға тырыстым", - делінген нәрестенің жанынан табылған хатта.


Жылап жатқан сәбиді тұрғындар тауып алып, полиция қызметкерлерін шақыртты. Олар баланы ауруханаға жеткізіпті.


Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің денсаулығы жақсы, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тәртіп сақшылары сәбидің анасын іздеуге кіріскен.


Флорида штатының заңына сәйкес, ата-аналардың жаңа туған сәбилерін тастап кетуге құқығы бар. Бірақ олар нәрестені қауіпсіз жерге: аурухананың, өрт сөндіру бөлімінің алдына қалдыруы шарт.


Орландо қаласының полиция сержанты Берналь сәбидің анасы баласын есіктің алдына қалдырып, заңды өрескел бұзғанын айтады.


"Өте ауыр жағдай. Ол кеше ғана өмірге келген нәресте ғой", - дейді тәртіп сақшысы.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 1169    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 20:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31