Шартарап

Супермаркетке тыржалаңаш кіріп келген 5 жігіт бір-бір банан сатып алды (ВИДЕО)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Украинаның Запорожья қаласында 5 жігіт супермаркетке тыржалаңаш кіріп келген де, бәрі бірге қаз-қатар тұра қалып сауда жасаған, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Youtube желісіндегі видеоға қарасақ, қыстың көзі қырауда аяқтарындағы аяқкиімнен басқа ештеңесі жоқ олар (біреуі ғана баскиім киген) ұятты жерлерін пластик тәрелкелермен жауып алып, кассада бір-бір бананды есептетіп тұр.

Әрине, бұндай қадамға адамның өзара бәстесу салдарынан баратыны белгілі. Олар да сөйткен. Айтуларынша, ұтылғандарының айыппұлы да қомақты көрінеді. Сол себепті мүсіркесе керек, бесеуіне супермаркеттің күзетшісі де тиіспеген.

Ал украиналық желі қолданушылар «Украина Қылмыстық кодексі 296-бабының 2-бөлімі бойынша жазаға тарту керек», «Дүкенде бала ерткен ата-аналар жүретінін ескерген жөн. Қалжыңның да шегі болады ғой», «Мемлекеттің болашағы! Қорқынышты! Сенің біліміңнің қаншалықты деңгейде екені маңызды емес, ең бастысы, тәрбиенің жоғары болуы шарт», «қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу» десті, іштегі қыжылдарын бүгіп қала алмай.

 




Көрілген: 4803    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30