Шартарап

Сүйіктісіне әжетханада ұсыныс жасаған жігіт жұртты таңырқатты (фото)

  • Фото: FACEBOOK

    Фото: FACEBOOK

Әлеуметтік желіде әжетханада отырған сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің әрекеті қызу талқылануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Әдетте жігіттер ғашығына ұсыныс жасау үшін ұзақ дайындалып, бұл сәтті есте қаларлықтай етуге тырысады. Ал тұрмысқа шығу туралы ұсыныс көбіне қымбат мейрамханаларда немесе ерекше көрікті табиғат аясында жасалып жатады.

 

 

Десе де қоғам арасында қалыптасып қалған бұл заңдылықтарға бағынғысы келмеген ер адам мүлде оғаш әрекетке барған деп жазады thesun.co.uk басылымы. Ұсынысы барынша күтпеген тосынсый болуын қалаған жігіт ғашығы әжетханаға кіретін уақытты күткен. Бойжеткен әжетханаға отыра бергені сол еді, ғашығы оған баса-көктеп кіреді. Жігіт сүйіктісінің алдында тізерлеп отырып, оған өмірлік жары болуға ұсыныс жасаған.

 

 

Ғашығы бұл ұсынысты қуана қабылдап, ерекше сәтті қолындағы ұялы телефонына түсіріп алыпты. Ол қуанышты жаңалығымен бөлісіп, суреттерді әлеуметтік желіге жүктейді.

 

Бұл жайтты тамашалаған желі қолданушыларының бірі жігіттің әрекетіне таңданыс білдіріп, мақтау жаудырса, енді бірі мұндай ұсыныс жасау ұят екенін алға тартқан. Олар ерекше сәтті әжетханада өткізу жүректі елжірететін емес, керісінше жүректі көтеретін дүние екенін айтуда.

 




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 00:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31