Шартарап

Сүйіктісінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қойған әйел оның масқарасын шығарды

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Ұлыбритания тұрғыны Анджела Джонс сүйіктісі Тонимен Facebook-тегі жалған парақша арқылы сөйлесіп, оның көзіне шөп салғанын біліп қойды.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Анджелаың сөзінше, Тонидің өзіне деген көңілі суып, телефонын жасырып қолданатынын күмән туғызған. Ол жігітінің Facebook желісіндегі хаттарын көріп, оның бір жыл бойы өзге әйелдермен сөйлесіп, кездесіп жүргенін біліп қойыпты. Сонымен қатар Анджела Тонидің танысуға арналған сайттағы парақшасын өшірмегенін анықтапты.


Осыдан кейін әйел жігітінен өш алмақ болып, желіде жалған парақша ашып, онымен сөйлесе бастаған.


«Ол басы бос екенін айтқанда қаным басыма шапты», - дейді Анджела.


Арада екі апта өткеннен кейін Тони оны кешкі асқа шақырыпты. Алайда Анджела мейманханада бөлме жалдауды ұсынып, ер адам келіседі.


Тони мейманханада болған кезде Джонс оның атынан Facebook парақшасына кіріп, жазба қалдырып, ер адамның масқарасын шығарған.


Осыдан кейін жігіті опасыздық жасағанын мойындап, біраз уақыттан соң екінші мүмкіндік беруін сұрапты. Алайда олардың қарым-қатынасы көпке созылмай, ғашықтар айырылысып тынды. Арамызда сенім қалған жоқ, дейді Анджела. 




Көрілген: 1187    Пікірлер: 0

жұма, 19.07.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31