Шартарап

Сюник облысындағы шекара дауына ҰҚШҰ араласа ма

  • Сюник облысындағы шекара дауына ҰҚШҰ араласа ма

    Сюник облысындағы шекара дауына ҰҚШҰ араласа ма

ТМД кеңістігінде жиі туындап тұратын шекарадағы қақтығыстар кең көлемде соғыс бастауға себеп емес
Әдетте, мұндай жағдай БҰҰ, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ немесе НАТО әлеуетін пайдаланбай-ақ екіжақты келіссөздерді, дипломатиялық реттеуді, шекараларды белгілеуді қажет етеді. Армения Республикасындағы Сюник облысындағы шекарада болған оқ атусыз қақтығыс технологиялық сипатқа ие. Сондықтан оны жасанды түрде саяси мәлімдемелермен өршітудің қажеті жоқ.

Арменияның қорғаныс министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 12 мамырдың таңында "Әзербайжанның қарулы күштері "шекараны нақтылауды" сылтау етіп шекара маңындағы аудандардың бірінде белгілі бір жұмыстар жүргізуге тырысты. Армян бөлімшелері қабылдаған шаралардан кейін әзербайжан әскерилері бұл жұмыстарды тоқтатты.  Содан кейін бірден жағдайды реттеу бойынша келіссөздер басталды.

 Армения премьер-министрінің мідетін атқарушы Никол Пашинян кеше Сюник облысындағы жағдайға байланысты ҰҚШҰ-ға ресми жүгінетінін мәлімдеді. Бір күн бұрын ол 12 мамырда Әзербайжан әскері шекарадан өтіп, армян территориясына 3,5 километрге тереңдей кіру арқылы Қара көлді қоршамақ болғанын айтты. 

Осы жағдайға қатысты әзербайжан тарапы да үнсіз қалмады.

"2020 жылдың 10 қарашасында қол қойылған үшжақты келісімге сәйкес Әзербайжан шекара әскері ауа райының жақсаруына қарай Армениямен іргелес Лачин және Кельбаджара аудандарында Азербайжан позициясы бойынша орналасады. Бұл аудандарда тау бедері және климаттық жағдай күрделі. Осы процесс қалыпты режимде және жүйелі түрде орындалады", – деп жазылған Армения сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Армения қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян күні кеше телеарнаға берген сұхбатында "Әзірше әзербайжан әскерилерінің Армения аумағынан кетуіне қол жеткізген жоқпыз. Бүгін қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе бойынша ЕҚЫҰ-ға жүгіну туралы шешімге келдік"  дегенді айттты.

ҰҚШҰ Арменияның Сюник ауданындағы шекарада болған жағдайды жіті назарда ұстап отыр және мынадай мәлімдеме жасады: "Жағдайдың өрбуіне байланысты қажеттілігіне қарай Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім және ҰҚШҰ Жарғысында қарастырылған іс-әрекет қабылданады".

13 мамырда Әзербайжан СІМ тәуелсіздік алған жылдардан бері түсінікті себептермен екі елдің де мемлекеттік шекарасы болмағанын және бұл қазіргі уақытта қос тараптың текетіресіне алып келіп отырған күрделі техникалық процесс екенін айтты.

Бұл мәлімдемеге қарағанда шекараны белгілеуде агрессияның немесе Азербайжан мен Армения арасындағы аймақтық қарсыластық жоқ. Өршітуге жеткізбесе, онда технологиялық келіспеушілік бұл қалыпты процесс. 1991 жылдан кейін ТМД елдеріндегі шекара дауы түрлі деңгейде шешіліп келеді. Бүгінде проблеманың көзін Баку немесе Ереваннан іздемеген жөн.

Мұндай қақтығыс жақында да болды. Тәжікстанмен шекараға қатысты қақтығыс кезінде Қырғызстан парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің деепутаттары өз елдерінің ҰҚШҰ-ға мүшелігін қайта қарастыруды ұсынды. 

Алайда бұл эмоцияға толы шешім проблеманы түбегейлі шеше алмасы анық. Салыстыру үшін айтсақ, НАТО-да Грекия мен Түркия арасындағы шекара дауы әлі де толастаған жоқ. Альянс қос тарапты да жақтап та, даттап та отырған жоқ және екі ел де НАТО-дан шығуға ниет білдірген емес.

Кавказдағы жағдай күрделі. Армения – ҰҚШҰ-ға мүше, Әзербайжан бұл ұйымға кірмейді. Алайда Баку мен Ереванның арасындағы бұл шиеленіс кезінде агрессия, басқыншылық жайлы дау тудырудың қажеті жоқ. Жалпы Арменияға соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Ресейлік шекарашылар келісімге сәйкес Сюник облысындағы проблемалы аудандар мен тас жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отыр.

Біршама уақыт бұрын армян СІМ Ереван мен Баку ресейлік шекарашылар орналасқанға дейін уақытша әскери позициялардың дислокциясын нақтылағанын хабарлады. Шекараны белгілеу жүріп жатыр, күрделі мәселелер қиын шешілуде және олар келіссөздер үстелінде бетпе-бет талқылау мен интеллектуалдық күш салуларды қажет етеді. Ал Қара теңізде ҰҚШҰ күштері мен құралдарын тарту арқылы әскери әрекеттерге бару жағдайды ушықтырмаса, жеңілдетпейтіні түсінікті.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2-бабына сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттер өз мүдделерін қарастыратын халықаралық қауіпсіздіктің барлық маңызды мәселелері бойынша бір-бірімен кеңесіп, осы мәселелер бойынша позицияларды келіседі. Сондай-ақ құжатта ұйымға мүше бір немесе бірнеше мемлекеттің бүтіндігі мен тәуелсіздігіне қауіп төнсе, мемлекеттер өз позицияларын үйлестіру және туындаған қауіптің көзін жою үшін шаралар қабылдау мақсатында бірлескен консультациялар механизмін іске қосатыны айтылған.

Қазіргі жағдайда халықаралық әлемге немесе Арменияға шынайы қауіп төніп тұрған жоқ. БҰҰ анықтамасы бойынша "басқа мемлекеттің егемендігіне, территориялық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы басқа мемлекеттің қарулы күш қолдануы" агрессия болып саналады. Сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сюник облысындағы жағдайда Әзербайжанның агрессия танытқанын байқамады.
 




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.05.2021, 22:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30