Шартарап

Тәжікстанда SMS арқылы талақ айтып, ажыраса береді

  • Тәжікстанда SMS арқылы талақ айтып, ажыраса береді

    Тәжікстанда SMS арқылы талақ айтып, ажыраса береді

Тәжік парламентінің төменгі палатасында СМС-хабарлау арқылы талақ айтып ажырасатындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы енгізілді.

Тәжік парламентінің төменгі палатасында СМС-хабарлау арқылы талақ айтып ажырасатындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы енгізілді, &ndash деп хабарлады centralasian.org.
Жобада заңды бұзғандарды үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тәжікстан заңдарына сәйкес СМС арқылы талақ айтып ажырасу заңсыз болып есептеледі. Елдің Мұсылмандар діни басқармасы азаматтарды мұндай тәжірибеден бас тартуға шақырып келеді.

Парламентте құжатты әзірлеп жатқан депутаттардың айтуынша, заң жобасы «адамдарды сөзсіз түрде еркінен ажыратуды» көздемейді.

«Негізгі мақсат жастарды отбасы мен балаларының алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақыру, көпшілік жағдайда мұндай ажырасулардың құрбаны болып жатқан әйелдердің құқығын қорғау. Соңғы жылдары телефон арқылы ажырасу тәжірибесін сыртта жұмыс істеп жүрген мигранттар көп қолданып жатыр», &ndash деді депутаттардың бірі.
Тәжікстанда СМС арқылы талақ беріп ажырасудың дұрыс еместігі тоғыз жыл бұрын көтерілген. Онда елдің Дін істері бойынша мемлекеттік комитеті Ақсақалдар кеңесімен бірлесіп телефон арқылы ажырасуға тыйым салуға фатва шығарған.

Ресми мәліметтер бойынша Тәжікстанда былтыр 12,5 мың отбасы ажырасқан. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын 10 мың болған.




Көрілген: 929    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.11.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31