Шартарап

Тәлібтер әйелдерге "ерлердің" лауазымында жұмыс істеуге тыйым салды

  • Тәлібтер әйелдерге

    Тәлібтер әйелдерге "ерлердің" лауазымында жұмыс істеуге тыйым салды

Қала шаруашылығында 2,9 мың адам жұмыс істейді, оның 27%-і әйелдер. Олар аудан әкімшілігі, құрылыс, инженерлік салада қызмет етеді

Кабулдың қала шаруашылығы жүйесінде ер адамдардың лауазымында жұмыс істеген әйелдер енді үйде отыратын болады. Бұл туралы қала мэрі қызметін уақытша атқарушы  Молави Хамдулла Номани мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Кабул мэрінің үндеуі AL Arabiya телеарнасының Twitter-інде жарияланды.

Қала шаруашылығында 2,9 мың адам жұмыс істейді, оның 27%-і әйелдер. Қала басшысының айтуынша, олар аудан әкімшілігі, құрылыс, инженерлік салада қызмет етеді.

"Біз ер адамның жұмысында істемейтін әйелдерге қызметіне оралуға рұқсат бердік. Олар жұмысқа күн сайын барады. Мәселен, қала дәретханаларында жұмыс істейтін әйелдер қызметін жалғастырады. Өйткені ол жерде ер адамдарға істеуге болмайды", - деді мэр.
Ол өзге қызметтегі әйелдерге жағдай тұрақталғанға дейін үйде болу қажеттігін атап өтті. Оларға жалақы төленеді.

"Талибан"* Ауғанстанда әйелдер министрлігін жапқан болатын. Бұдан соң ондаған әйел наразылық шарасына шықты.

sputnik.kz




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 10:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31