Шартарап

Талибан берген уәделерін бұзды - БҰҰ

  • Талибан берген уәделерін бұзды - БҰҰ

    Талибан берген уәделерін бұзды - БҰҰ

БҰҰ комиссарының айтуынша, кейбір жерлерде 12 жастан асқан қыздарға мектепке баруға тыйым салынды, ал әйелдер үйде болуы тиіс.

«Талибан» өздерінің берген уәделерін бұзды, оның ішінде әйелдер құқығына қатыстылары бар, деп мәлімдеді БҰҰ. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ -ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Ауғанстанның Талибан билікті қолына алғаннан бері «жаңа және қауіпті кезеңде» тұрғанын, бұл елдегі көптеген әйелдер мен этникалық және діни бірлестіктер мүшелерінің қатты алаңдаушылығын тудырып отырғандығын айтты.

Бачелет «Талибан» үкіметінің құрамында әйелдердің жоқтығын және этникалық пуштундардың басым екенін атап өтті.

«Талибан әйелдер құқығын қорғайды деген сенімдерге қарамастан, соңғы үш апта ішінде әйелдер біртіндеп қоғамдық ортадан шеттетілді», - деді ол Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі халықаралық конференцияда.

БҰҰ комиссарының айтуынша, кейбір жерлерде 12 жастан асқан қыздарға мектепке баруға тыйым салынды, ал әйелдер үйде болуы тиіс.

Ол сондай -ақ бұрынғы үкіметтің шенеуніктері мен қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне рақымшылық жасауға берген уәделерінің де орындалмағандығын атап көрсетті.




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 08:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31