Шартарап

Талибан жақтастары Ауғанстанда соғысты тоқтатудың талабын айтты

  • https://www.dw.com/

    https://www.dw.com/

Ауғанстан билігі мен «Талибан» өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді. Онда талибаншылар Ауғанстан түремелеріндегі 7 мың жақтасын шығарған жағдайда, атысты үш айға тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The National News-ке сілтеме жасап.

 

Бұл ұсыныс туралы бейсенбі күні ауған келіссөзге қатысқан үкіметінің өкілі Надер Надери хабарлады.

 

«Бұл – үлкен талап», - деді Надери.

 

Оның айтуынша, оған қоса, көтерілісшілер Талибан көшбасшысын БҰҰ-ның қара тізімінен алыс тастауды талап еткен. Бұл кезде талибтер ауған провинцияларына басқыншылық жасап, негізгі маршруттар бойындағы қалаларды, сонымен қатар сауда үшін аса маңызды шекара өткелдерін басып алуда.

 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 13 шілде күні олар Пәкістанмен шекарадағы Спин-Болдак-Чаман шекара өткелін басып алған.

 

Дегенмен бейсенбі күні Қабулдың ресми өкілдері үкімет әскерінің талибтер уақытша жаулап алған Спин-Болдак-Чаманды қайтадан өз бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

 

Қандағар өңірі әкімшілігінің шенеунігі Талибан жауынгерлерінің бұл аудандағы ауған қауіпсіздігі күштерінен асып түсетінін ескертеді.

 

Бұл орайда, Талибанның ресми өкілі Забихулла Муджахид ауған үкіметі таратқан шекара өткелін қайта өз бақылауына алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл – Қабул әкімшілігінің насихаты мен негізсіз мәлімдемесі», - деді Талибан өкілі. Оның айтуынша, талибандық әскер әлі күнге дейін шекара өткелін ұстап тұр.

 

Сол арада, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссар басқармасы (БЖКБ) Ауғанстанға келе жатқан гуманитарлық дағдарыс туралы ескертті. Ол, өз кезегінде, босқындардың жаппай көрші елдерге қашуына әкелуі мүмкін.

 

Қазіргі кезде дипломатиялық күштер Қатарда өтіп жатқан келіссөздерде ауған билігі мен Талибанды атысты тоқтатуға итермелеуге жұмылдырылған.

 

Бүгін Ауғанстанның президенті Ашраф Гани Ташкентте өтіп жатқан «Орта азия елдері – АҚШ» С5+1 форматындағы кездесуде өңірлік көшбасшылармен кездеспек.

 

Еске салсақ, Ауғанстандағы жағдай күрделеніп Ауғанстанның қарулы әскерилері Өзбекстан мен Тәжікстан аумағына өтіп кеткен еді. «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы көптеген жерлерді басып алды.

 

Сондай-ақ, Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін 20 мың сарбазды әскерге шақырмақ. Және тәліптерден қашқан бір топ ауғанстандық Тәжікстан шекарасынан өтіп кетті.

 

 

 




Көрілген: 752    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 19:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30