Шартарап

Тәліптер Ауғанстан вице-президентіне қастандық жасады

  • Фото: GETTY IMAGES/BBC

    Фото: GETTY IMAGES/BBC

Ауғанстанда Талибан тобы елдің вице-президенті Абдул Рашид Достумға қарулы шабуыл жасаған. Ауыр жаралы болған визе-президент жан сақтау бөліміне түскен.


Генерал Абдул Рашид Достум Балх провинциясына барған сапары кезінде тәліптердің қарулы шабуылына ұшыраған. Достумның қорғаушы қызметкерлері тәліптерге қарсы бір сағатқа жуық соғысқан. Атыс кезінде екі қауіпсіздік қызметкерінің жаралы болғаны туралы мәлімет бар.


Талибан тарабы ресми мәлімдеме жасап, шабуыл ұйымдастырғандарын мойындаған.


Былтыр шілде айында Достум Ауғанстанға қайтып оралған кезінде әуежайда шабуылға тап болып, 14 адам оққа ұшқан болатын. Сол реткі шабуылды «Ислам мемлекеті» террорлық тобы өз мойнына алған болатын.


Бұл рет Достум бір жыл ішінде екінші рет қастандық шабуылынан аман қалған. Тегі өзбек болған вице-президенті былтырға дейін шетелдерде бас сауғалап жүрген.


2001 жылы тәліптерді биліктен шеттетуде АҚШ-қа көмектескені туралы белгілі. Ол Ауғанстандағы азаматтық соғыста таласты саяси тұлғаны бірі саналады.


2014 жылы Ауғанстан үкіметі жағына шыққан. Бір жыл бұрын оған тағылған саяси айыптарға байланысты Түркияға саяси баспана сұрай барған. Бірақ, ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, Түркияға емделу үшін барғанын айтқан.


Елдің солтүстік өңірлеріндегі саяси ойыншылар генерал Достумның елге оралуын талап еткеннен кейін Ашраф Ғани билігі оның елге келуіне жол қойса керек. Ауғанстанның солтүстігінде жасайтын өзбектер елдегі этникалық топтардың арасында сан жағынан төртінші орынды иелейді.


Кейбір сарапшылар, президент Ашраф Ғани алдағы сайлауда өзбек азшылығының дауысына ие болу үшін Достумның елге келуіне жол берген деседі.  


qazaqtimes.com




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 19:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31