Шартарап

Тәліптер БҰҰ қызметкерлеріне қысым жасады және қорқытты деп айыпталды

  • Тәліптер БҰҰ қызметкерлеріне қысым жасады және қорқытты деп айыпталды

    Тәліптер БҰҰ қызметкерлеріне қысым жасады және қорқытты деп айыпталды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) "Талибан" содырларын (Қазақстанда Жоғарғы сот шешімі бойынша тыйым салынған) ұйымда жұмыс істейтін ауған қызметкерлерін қудалады және қорқытты деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лайонс БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне берген сұхбатында ұйымның Ауғанстандағы ғимараттары тиісті түрде күзетілгенімен, "Талибан" билік басына келгеннен бері ауған қызметкерлеріне қысым күшейе түскенін айтты.

"Біздің ұлттық қызметкерлерге қысым көрсету және қорқыту дерегінің көбейгені алаңдаушылық туғызып отыр. Біз өз қызметкерлерімізді қолдау және қауіптен қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. БҰҰ ауған халқы үшін өте маңызды жұмысты қызметкерлері қорқып, еркін жүре алмаса дұрыс орындай алмайды", - деді Лайонс.
Reuters тәліптер билік басына келердің алдында 10 тамыздан бері қорқытулар, БҰҰ кеңселерін тонау және қызметкерлерге шабуыл жасау сияқты ондаған оқиға туралы хабарлады.

"Тәліптер бүкіл ел бойынша БҰҰ қызметкерлеріне қарсы күш қолданып жатыр деген ақпарат бізді ашуландырады. Бұлай болмайды. Бұны шектен шыққандық деп айтсақ артық болмайды", - деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Джеффри Делорентис.
Ол тәліптерді БҰҰ тәуелсіздігі мен бейтараптығына құрметпен қарауға шақырды. 

Айта кетейік, билікті басып алынғаннан кейін тәліптер барлық халықаралық конвенцияны сақтауға уәде берді, сонымен қатар олар әйелдердің білім алып, жұмыс істей алатынын, бірақ хиджаб киюі талап етілетінін айтқан болатын.




Көрілген: 1110    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 01:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31