Тәліптер дәрігерлерге әйелдерді ер адамның бақылауынсыз қабылдауға тыйым салды

24 желтоқсан 2021, 13:37

Ауғанстанның Газни провинциясында тәліптер әйелдерге қатысты жаңа тыйым енгізді. Енді дәрігерлер ауруханаға ер адамсыз келген нәзік жандыларды қабылдамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Etilaatroz басылымына сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, Мукур ауданында ауруханаға әйел туыстарымен келген бірнеше жағдай тіркелген. Биліктің ойынша, мұндай әрекет "заңға қайшы және адамгершілікке жат". Сондықтан олар дәрігерлерді ер адамсыз келетін әйелдерді қабылдамауға шақырды.

Бұған дейін Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы долларды сатуға және сатып алуға тыйым салған.

Stan.kz