Тәліптер Кабулда шеруге шыққан әйелдерге оқ жаудырды

28 желтоқсан 2021, 22:21

Содырлар Кабулда шеруші әйелдерге оқ жаудырды. Ауғанстан астанасының көшелерінде ондаған жас қыз шеруге шықты, деп хабарлайды Asvaka агенттігі Twitter парақшасында.

Олар "Ашаршылыққа ұшыраған халықтың үніміз", "Әділет, әділет", "Адамзат аман болсын", "Геноцид, сатқындық", "Елсіз қалудан шаршадық" деген ұрандармен айқайлады.

Әйелдер Кабул ауруханасының жанында болған кезде Талибан (Қазақстанда және бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым) мүшелері оларға оқ жаудырған.

Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Қыркүйек айында әйелдер Кабул көшелерінде наразылық шеруіне шықты. Олар ер адамдармен тең құқықты талап етті.

Талибтер демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, ауаға оқ атты. Өткен жексенбіден бастап Талибанның жаңа ереже енгізген еді. Оған сәйкес, жалғызбасты әйелдер ер туыстарынсыз ұзақ жол жүре алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін тәліптер дәрігерлерге әйелдерді ер адамның бақылауынсыз қабылдауға тыйым салған еді.