Шартарап

Тәліптер ұзақ уақыт қарсылық көрсеткен Панджшер елді мекенін басып алды

  • Тәліптер ұзақ уақыт қарсылық көрсеткен Панджшер елді мекенін басып алды

    Тәліптер ұзақ уақыт қарсылық көрсеткен Панджшер елді мекенін басып алды

"Талибан"* радикалды қозғалысы Ауғанстанның Панджшер провинциясын бақылауға алды. Бұл туралы Түркияның Yeni Safak газеті аймақтағы тілшісіне сілтеме жасай отырып жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәліптер Ауғанстанды толық басып алғандығын тойлауды бастап кеткендігі айтылады. ТАСС ақпарат көзінің хабарлауынша, Талибан басшысы Ахундзада Ауғанстанның жоғарғы басшысы болады, ал Мохаммад Хасан премьер-министр болып тағайындалуы мүмкін.

 
Тәліптердің Панджшерге басып кіруі

"Талибанның" бұл елді мекенге шабуылы қарсылық майданының жетекшісі Ахмад Масудпен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін 2-3 қыркүйекте басталды. Ол лаңкестерден Ауғанстанның жаңа үкіметінің барлық шешімдерін Панджшер көтерілісшілерімен үйлестіруді, сондай-ақ қару-жарақтарын сақтауға рұқсат беруді талап еткен.

Тәліптер келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін әскери техниканың ең үлкен күшін Панджшерге бағыттайтынын айтқан. Лаңкестік ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл соққы Қарсыласу майданымен қақтығыстың соңғы нүктесін қою керек болған.

"Талибан" бұл алқапқа үш бағытта шабуыл жасағаны атап өтілді: Шотол аймағында, сондай-ақ Хавак пен Анджуман асуларында, алайда содырлардың түнгі шабуылы сәтсіз аяқталды. Осыдан кейін тәліптер бірнеше ауданды жоғалтты деген ақпарат пайда болды. Қарсыласушылармен шайқаста жоғалған аумақтардың ішінде Каписа провинциясындағы Хеза Аввал, Хеза Доввом және Кох Банд аудандары, Парван провинциясындағы Сайед Хел, Чарикар және Джабал ас-Сарад аудандары бар. Бадахшан провинциясында да көтеріліс басталып, содырлар бірнеше ауданды тастап кетуге мәжбүр болған.

3 қыркүйек, жұма күні тәліптер Панжшерді өз бақылауына алғанын хабарлады. Олар қарсылық майданының құлауының құрметіне отшашу ұйымдастырған.

Қарсы жақтың өкімі

Ауғанстандағы Панджшер көтерілісшілер майданының өкілдері "Талибан" провинциясын басып алды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Көтерілісшілерді қолдайтын елдің бұрынғы вице-президенті Амрулла Салех Панджшердегі шайқастар жалғасып жатқанын, қазір қарсыластық күшейгенін айтты.

Салех өзінің Панджшер шатқалындағы базада екенін айтты. Ол Ауғанстанның әскери қолбасшыларымен және саяси жетекшілерімен бірнеше кездесулер өткізген. Ол сонымен қатар Пәкістанды лаңкестік қозғалыстың содырларын қолдайды деп айыптады. 

"Бұл айтары жоқ қиын жағдай. Біз әдеттегідей Пәкістан қолдауын көрсететін "Талибан" мен аймақтағы және одан тыс жерлердегі басқа да лаңкестік топтардың шабуылына тап болып отырмыз" ,- деді Амрулла Салех.

"Талибан"* - Қазақстан тыйым салынған террористік ұйым. 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сенбі, 04.09.2021, 23:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31