Шартарап

Танымал актриса үш жігіттің жабылып зорлағанын айтты

  • CC0 / StockSnap

    CC0 / StockSnap

Ресейдің халық әртісі Алена Яковлева НТВ арнасындағы "Секрет на миллион" бағдарламасына берген сұхбатында өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты.


Жолшыбай кезіккен көлік


Актрисаның айтуынша, бір күні тәтесінің үйіне барып келу үшін жолшыбай көлік ұстайды. Автода екі жігіт отырған. Олар әртісті межелеген жеріне апарып салып, оны күтіп, қайтадан үйіне жеткізіп салуды ұсынады. Яковлева келісе кетеді, алайда қайтар жолда көлік оның үйіне тоқтамаған.


Әйелді ай далағы үйге алып барады, онда тағы бір ер адам бар екен. Әуелі Яковлеваға ішімдік ұсынады, ер азаматтардың өзі сау болған, бірінің "түрі ұсқынсыз болған". Актриса тұрып, кетпек болып еді, оны жібермей қояды.


"Бірінші қайсың дедім"


Сол сәтте әртіс айғайлап, көмек сұраудың еш көмектеспейтінін түсінеді – дымын шығарса, оны "ұрып-соғып, өлтіріп, бір шұңқырға тастай салар еді". Сол себепті ол: "Жақсы онда. Бірінші қайсың?" – деп сұрайды. Мұны естіген жігіттер бастапқыда абдырап қалыпты.


"Мән-жайын толығымен айтпай-ақ қояйын. Істейтіндерін істеді", - деді Яковлева.


Бір қызығы, жәбірленушінің айтуынша, ер азаматтар оны зорлағаннан кейін үйіне жеткізіп салыпты. Актриса көліктің нөмірін есте сақтамаған, ата-анасына да, құқық қорғау органдарына да болған жайтты айтпайды.


Яковлева бұл оқиғадан үлкен сабақ алған. "Мені Жебеуші періште мен Құдай сақтап қалды", - дейді әртіс.


Алена Яковлева кім?


Алена Яковлева — Мәскеу академиялық әзіл-ысқақ театрының актрисасы, Кеңес Одағының халық әртісі Юрий Яковлевтің қызы. Юрий Яковлев "Ирония судьбы или С легким паром", "Иван Васильевич меняет профессию", "Гусарская баллада" басты рөлдерді сомдаған.


Sputnik


 




Көрілген: 2879    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31