Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Танымал экстрасенс ақырзаманның қашан келетінін мәлімдеді

02 қаңтар 2018, 15:58

Мәскеулік экстрасенс Артем Бесов биылғы жылға болжам жасап, 2018 жылы дауыл алдындағы тыныштық орнайтынын айтты. Сондай-ақ, экстрасенс ақырзаман белгілерінің қоғамда көп көрініс тауып жатқанын да айтты деп хабарлайды dni.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

- Айналада не болып жатқанын бір сәт бақылаңыздарды. Ата-анасы балаларын өлтіруде, балаларын тастап кетіп жатқан әке мен шешелер көп, туыстар бір-бірін көрмейтіндей дәрежеге жетті. Сіздің ойыңызша бұл ақырзаман емес пе? Әрі қарай жағдайдың тек қиындай түсетініне сенімдімін. Күн сайын өсіп жатқан баға, халықтың мойнына артылған кредит, теледидар мен интернетті жаулаған жағымсыз ақпараттар адамның сабырлы болуына мұрша бермейді. Міне, көпшілік күтіп жүрген ақырзаман осы, - деді Бесов.

Сонымен қатар, экстарсенс 2018 жылдың қалай болатынын да айтты.

- Бұл жыл жақсы да, жаман да болмайды. Негізінен, көптеген қиын жайттар 2019 жылдың екінші жартысына кеп тұр, - деді Артем Бесов.

Экстарсенс адамдарды сабырды болып, рухани дамуға шақырған.