Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Танымал тележүргізуші пәктігінен қалай айырылғанын жайып салды (видео)

14 сәуір 2019, 23:09

Танымал ресейлік тележүргізуші әрі блогер Анастасия Ивлеева пәктігінен қалай айырылғанын тікелей эфир кезінде жайып салды. Атышулы ару өз сұхбаты барысында жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ивлеева алғаш рет өзінен екі жас үлкен жігітке ғашық болып, онымен кездесе бастағанда мектеп оқушысы болғанын жеткізді. Бұл туралы ол "Орел и решка" бағдарламасында өзімен әріптес болған Андрей Бедняковпен сұхбаты кезінде айтты.

"Сен алғаш рет қандай болатынын жақсы білесің ғой. Адам үшін барыңды салуға дайын боласың. Біз бір жарым жылдай бірге болдық. Алғашында біз болмашы нәрсеге бола айырылысып кеттік. Сосын, бір айдан соң мен қателік жасағанымды түсіндім. Оны қатты жақсы көрдім. Жарты жылдай оны қайтара алмай жүрдім" , - деді ол.

Блогер ару пәктігінен дәл сол жігітпен айырылғанын мойындады.

"Барлық қыздар пәтігінен ханшайымдар секілді, әдемі айырлығысы келеді. Менде олай болмай қалды. Бастысы алғашқы рет сүйікті адамыммен болды. Ал қалғанында сіздерге қатысы жоқ" , - деді Ивлеева.