Шартарап

Танзания президентін жерлеу рәсімінде 45 адам қайтыс болды

  • Фото ©REUTERS

    Фото ©REUTERS

Танзанияның қайтыс болған президенті Джон Магуфулимен қоштасу рәсімінде 45 адамдай қысылып қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

 

Тағы 35 адам түрлі жарақат алған.

 

 

Полиция мәліметінше, адамдар қоштасу рәсімі өткен Дар-эс-Саламе қаласындағы стадионға бекітілген жолдан айналып өтуге тырысамын деп қайтыс болған.

 

 

Магуфулиді жерлеу рәсімі 26 наурызда Танзанияның солтүстік-батысындағы Чато қаласында өтті.

 

Қайтыс болған президентпен қоштасу рәсімі бүкіл елде алты күн бойы өтеді. Дар-эс-Саламедегі стадиондағы оқиғалардан кейін билік арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдады.

 

Джон Магуфули 17 наурызда 61 жасында көз жұмды. Өлімнің ресми себебі - жүрек талмасы делінді, бірақ оппозиционерлер оның коронавирус жұқтырғанын айтып отыр. 

 

Магуфули Танзанияда коронавирусты жоққа шығарғаны белгілі, ол ел тұрғындарына вакцина сатып алудан бас тартқан.

 

Ол қайтыс болғаннан кейін Танзанияның вице-президенті Самиа Слуху Хасан ант берді. Ол ел тарихындағы алғашқы әйел президент және Африка көшбасшыларының ішіндегі жалғыз әйел. Енді ол 2025 жылға дейін осы қызметті атқарады.

 

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 17:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31