Тәртіп сақшысын ұрып тастаған экс-министрдің ұлы сотталды

06 қараша 2018, 12:32

Душанбе қаласының Шомансур аудандық соты Тәжікстанның энергетика министрлігін басқарған шендінің ұлын бұзақылық әрекеті үшін бостандығынан айырды. Диловар Гулов милиция қызметкерін соққыға жыққаy деп хабарлайды Centralasian.org.

Аудандық соттағы дереккөздің ақпаратынша, сот үкімі өткен жұмада шығарылған. "Тәртіп сақшысы өзі бірінші тиісті" деген Гулов кінәсін жартылай ғана мойындапты.

Сотталушы жігіттің қорғаушылары өткен аптада Диловардың тергеу изоляторында азапталғанын алға тартып, арыз жазыпты.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі күдікті Гуловты түрмеде азаптағаны туралы ешбір ақпарат жоқтығын, алайда бұл мәлімттерді тексеретінін айтқан.

nur.kz