Шартарап

Ташкентте 150 жылдағы ең ыстық ауа температурасы тіркелді

  • Ташкентте 150 жылдағы ең ыстық ауа температурасы тіркелді

    Ташкентте 150 жылдағы ең ыстық ауа температурасы тіркелді

ашкент қаласында 5, 7 және 8 шілдеде соңғы 150 жылдағы ең ыстық ауа температурасының рекордты деңгейі жаңарды. Бұл туралы ҚазАпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

«Узгидрометтің» хабарлауынша, Өзбекстан астанасында ауа температурасы 150 жыл бойы үнемі бақылауда. Климаттың өзгеруі нәтижесінде ғаламдық жылыну үдетті. Бұл түнде де температураның көтерілуінен айқын көрінеді.

Түнгі температураның жоғарылауы жылу мен басқа ластаушы заттардың ауаға көп шығарылуынан, яғни парниктік эффект процесінде туындайды. Парниктік эффект жаһандық жылынуды тудырады және күн бойы ауа температурасының максималды және минималды мәндері арасындағы айырмашылықты азайтады. Бұл өз кезегінде ауаның орташа тәуліктік температурасының жоғарылауына әкеледі.

1881 жылы 6 шілдеде Ташкентте осы күннің абсолютті рекорды орнаған (+44,1 градус). Алайда, сол кезде ауаның орташа тәуліктік температурасы әлдеқайда төмен болды (+28,1 градус). 2021 жылы 6 шілдеде ауаның максималды тәуліктік температурасы рекордтық көрсеткіштен (+41,5 градус) әлдеқайда төмен болғанымен, ауаның орташа тәуліктік температурасы 1881 жылғы ауаның орташа тәуліктік температурасынан шамамен 5,5 градусқа жоғары байқалды.

Еске салсақ, маусым айында Өзбекстанда соңғы 80 жыл ішінде абсолютті максимал температура байқалған болатын. Салдарынан Ташкент метросының жер үсті желісіндегі пойыздар жылдамдығы шектелді.




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 01:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30