Тасманияда 230-ға жуық кит жағаға шығып қалған

22 қыркүйек 2022, 10:31

Тасманияда бірнеше күнде 230-ға жуық китті жағалауға шығарып тастаған. Аралдың оңтүстік-шығыс жағалауында алдымен 14 кашалот анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тасмания табиғи қор және қоршаған орта департаменті Оушен-Бич жағалауына шығып қалған үйірдің гриндалар екенін және олардың жартысы тірі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Су жануарларын құтқару бағдарламасының командасы киттерді құтқаруға арналған жабдықтарды жинап, осы ауданға аттанды", – делінген департамент хабарламасында.

Бұған дейін жергілікті тұрғын Маккуори айлағына кіре берісте киттердің байқалғанын айтқан. Жергілікті билік тұрғындарды бұл маңға жақындамауға шақырды. 

14 кашалот Кинг аралында, Басса бұғазы мен Мельбурн арасында және Тасмания жағалауында 19 қыркүйекте анықталған. 

Киттердің жағалауға не үшін шығып қалатыны түсініксіз. Екі жыл бұрын Тасманияның батыс жағалауындағы құм қайраңдарында 470 кит анықталған. Бұл Аустралия тарихындағы ең көп киттердің жағаға шығып қалуы болды. Бір аптаға созылған жұмыстардан кейін 111 кит құтқарылды.