Шартарап

Татарстанда біржарым жасар қызына "зорлық" көрсеткен әкені сот ақтап алды

  • Татарстанда біржарым жасар қызына

    Татарстанда біржарым жасар қызына "зорлық" көрсеткен әкені сот ақтап алды

Татарстан прокуратурасы өткен жылы бір жарым жастағы қызын жыныстық зорлық көрсеткені үшін айыпталып, сот барысында ақталған 27 жасар Бугульман тұрғынының үкіміне шағымданды. Бұл туралы Татарстан прокурорының аға көмекшісі Руслан Галиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Прокурор тергеу барысында сот медициналық сараптама жүргізгенін атап өтті. Мамандар қызға келтірілген жарақаттарды кездейсоқ жасалған қадам деу ақылға қонымсыз деген қорытындыға келді.

 

"Қандай жағдай болса да, баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Алайда, үкімде бұл туралы айтылған жоқ. Сондықтан прокуратура Бугульмин аудандық сотының шешіміне қарсы Татарстанның жоғарғы сотына шағымданды", - деп хабарланды басылым беттерінде. 

Айта кетейік, 2019 жылдың қазан айында шақыртумен келген жедел жәрдем дәрігерлері бір жарым жастағы қыздан қан кеткені туралы анықтаған. Дәрігер-гинеколог сәбиге зорлық жасалған деген қорытындыға келеді. Басты күдікті - қыздың өз әкесі. Өйткені, оқиға болған күні қызымен және тағы екі баласымен үйде отырған, жарақат алғандығы туралы хабарлаған.

Алғашында ер адам қызының жаялығын ауыстырып жатып, жарақат келтіріп алғанын айтып ақталған. Кейінірек ол әйелімен болған жанжалдан соң, өзін ұстай алмай баласына тап бергенін мойындады. Сот отырысында жұбайы оны қолдаған және сот "кінәліні" ақтап шыққан еді.

 
 

 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31