Шартарап

Таулы Қарабақтың мойындалмаған үкіметі Шуша қаласынан айырылғанын мойындады

  • https://kazaknews.kz/

    https://kazaknews.kz/

Таулы Қарабақ мойындалмаған үкіметінің ресми өкілдері Әзербайжан әскерилерінің аймақтағы стратегиялық Шуша қаласын алғанын растап, әзербайжандық күштердің аймақ астанасы Степанакертке жақындап келе жатқанын мәлімдеді.

 

"Өкінішке қарай, бірнеше күн бойы біз сәтсіздікке ұшырап, Шуша қаласын бақылаудан шығарып алғанымызды мойындаймыз" деді Таулы Қарабақтың мойындалмаған де-фактор үкіметінің ресми өкілі Ваграм Погосян 9 қарашада

 

8 қарашада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ел әскері Таулы Қарабақтағы екінші ірі қала Шушаны алғанын мәлімдеген. Осыдан соң жұрт Баку көшесіне шығып, мерекелей бастаған.

 

Әзербайжан тау ортасында орналасқан Шуша қаласын Степанакертке басып кіру үшін стратегиялық орын ретінде қарастырып келген. Әлиев ВВС телеарнасына берген сұхбатында "Ереванмен бейбіт келіссөз жүргізу мүмкіндік азайғанын", Армения премьері Никол Пашинянмен келіссөз жүргізуге негіз жоғын айтқан.

 

Таулы Қарабақ ресми түрде Әзербайжан аумағы саналады, бірақ бұл аймақта этникалық армяндар тұрады. Таулы Қарабақтағы армяндарды Ереван қолдап отыр. Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ аймағы үшін 1988 жылдан бері қақтығысып келеді. 1988-94 жылдары арасындағы соғыста 30 мыңдай адам қайтыс болды. 1994 жылы екі ел қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Сол уақыттан бері Таулы Қарабақ этникалық армяндардың бақылауында. Таулы Қарабақ аймағы 1991 жылы тәуелсіздік жариялап алған. Бірақ оларды Армениядан басқа ешбір ел мойындамады.

 

Биыл 27 қыркүйекте Таулы Қарабақ үшін қақтығыс қайта басталып, мыңдаған адам қайтыс болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Екі тарап үш рет атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, бұл келісім сақталмады.

 

Таулы Қарабақтың де-факто үкіметі қыркүйектен бері 1221 әскери қайтыс болғанын мәлімдеді. Әзербайжан соғыстан қанша әскериі қаза тапқанын айтпай отыр.

 

azattyq.org




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 02:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31