Шартарап

Таяу Шығыста жағдай қайта ушықты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Палестиналық тұтқындар түрмеден қашқаннан кейін Таяу Шығыста жағдай қайта ушықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Аймақта бірнеше лаңкестік әрекет ұйымдастырылып, Газа секторынан Израиль аумағына зымырандар атқыланды. Израиль тарапы да қарап қалмай, қарымта жауап ретінде Палестина автономиясын бомбалап жатыр.

 

Иерусалимнің автобус бекеті маңында пышақпен қаруланған палестиндік дүкендегі адамдарға шабуыл жасады. Салдарынан екі жігіт жарақат алды. Ал қылмыскер қолға түсті.

 

Дорон Турджеман, полиция бөлімінің бастығы:

 

- Хевронда тұратын бұл содыр жұмыс бабымен осында келген. Пышақпен дүкенге кіріп, адамдарға сілтеген. Жапа шеккендердің бірі полицей болып шықты. Өзіндегі тапаншамен лаңкесті жаралады.

 

Таяуда Иерусалимнің Ескі қаласында да тап осындай шабуыл болды. Бірнеше полицей мен тұрғындар жараланып, тәртіп сақшылары екі содырдың көзін жойды.

 

Елдің оңтүстігінде де жағдай күрделі. Газа секторынан зымыран атқыланады, ал Израиль әскері бұған жауап ретінде әуе соққылар жасады.

 

«Гильбоа» түрмесінен аса қауіпті 6 қылмыскер қашып кеткеннен кейін елдегі жағдай ушығып кетті. Олардың барлығы лаңкестік үшін сотталған болатын. Абақтының екі қызметкері тұтқындарға қашуға көмек берді деген күдік бар. Бірнеше күннен кейін төрт қашқын қолға түсіп, қайта қамалды. Ал қалған екеуі іздеуде жүр. Оған тіпті дрондар мен тікұшақтар жұмылдырылған.

 

Мишель Барак, қауіпсіздік саласының сарапшысы:

 

- Сарапшылардың көбі тұтқындардың қашуы жағдайдың ушығуына сылтау болды дейді. Іс жүзінде Хамасқа ақша қажет. Катардан аударылған ақшаны Израиль тарапы ұстап қалған көрінеді. Ал Газада жалақы мен зейнетақы төленбей отыр. Сондықтан Хамас Израильге қысым жасау үшін зымырандарды қолданып немесе лаңкестік ұйымдастырады. Одан басқа амал жоқ. Бұл әрекет бұрыннан бері жалғасып келеді.

 

Елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Арнайы қызмет ауқымды лаңкестік әрекеттің алдын алғанын хабарлады, бірақ жай-жапсарын құпия ұстауда. Иерусалим қаласына арнайы әскери бөлімдер кіріп, Газа секторымен шекара күзетін күшейтті.

 

 

 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 13:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31