Шартарап

Тегерандағы ұшақ апаты: Украина Иранның отбасыларға ұсынған өтемақысын қабылдамады

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Иран билігі Тегеран түбіндегі ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына 80 мың доллар көлемінде өтемақы беруді ұсынған. Бірақ Украина бұл соманы жеткіліксіз деп отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, - деп хабарлайды ТСН.

 

"Меніңше, бұл аз. Қаза тапқан адамның жарының айтуынша, ол отбасының жалғыз асыраушысы болған, әйелінің жұмысы жоқ, ал баласын институтқа түсіру керек, мұндай сәтте 80 мың доллар өте аз", - деді Украина президенті.

 

Зеленский көбірек өтемақы алу үшін Тегеранға "қысым жасауға" уәде берді. Қазіргі уақытта Украина билігі отбасыларға 200 мың гривен төледі.

 

Сондай-ақ Зеленскийдің айтуынша, мамандар диспетчер мен ирандық ұшқыш әңгімесінің жазбасын мұқият тексереді.

 

Еске салайық, МАУ әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Тегераннан Киевке ұшуы керек болған, бірақ 8 қаңтарда әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан экипаждың тоғыз мүшесі мен 167 жолаушы қаза тапқан болатын.

 

Тengrinews.kz




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 13:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30