Шартарап

Тегін WI-FI үшін қызына оғаш есім берген

  • https://letidor.ru/

    https://letidor.ru/

WI-FI-ды тегін қолдану үшін қызына ерекше есім берген швейцариялық ерлі-зайыптылар әлем назарына ілікті деп хабарлайды 1k.com.ua.

 

Швейцарияда жас ата-аналар өздерінің кішкентай қызына Твайфай (Twifi) интернет провайдерінің есімін беруді шешті. Олар мұндай қадамға 18 жыл бойы тегін Wi-Fi-ға қол жеткізу мақсатында барған екен.

 

Бегілі болғандай ерлі-зайыптылар Facebook-те Twifi провайдерінің жарнамасын көріп қалады. Онда жаңа туған сәбилеріне компанияның атын беретін ата-аналар 18 жылға тегін Wi-Fi қосылымына ие болатыны сөз етілген.

 

Нақтырақ айтсақ, Twifus (ер балалар үшін) және Twifi (қыздар үшін) есімдері.

 

Ұсыныстың барлық артықшылықтарын бағалаған ата-аналар Твайфай есімі айтарлықтай жаман естілмейді деген тоқтамға келген. Олар ақысыз интернетке қолжетімділік оларға ақша жинауға және жинақ шотына салуға мүмкіндік беретінін алға тартуда.

 

"Мен бұл туралы көп ойлаған сайын, есім мен үшін ерекше көріне бастады. Тіпті белгілі бір деңгейде тартымды көрінді", - дейді қыз баланың әкесі.

 

Оның әйелі бұл идеяға бастапқыда қуана қоймаған, бірақ ақыры келіскен.

 

"Бұл оның баласы. Бұдан да нашар есімдер де бар. Твайфай атауын жиі айтқан сайын, ол соғұрлым жылы естіледі!", - дейді қыз баланың анасы.

 

Ерлі-зайыптылар өздерін "аздап ыңғайсыз сезінгендіктен" және ешкімге ақталғысы келмегендіктен, есімдерін жасырын қалдыруды ұйғарған.

 

 "Онсыз да балаларыңның есімін саттыңдар деген айыптаулар бізге жан-жақтан айтылып жатыр. Біз де аздап ұялдық", - дейді жұбайлар.

 

Twifi басшысы ерлі-зайыптылардың шешімін мақұлдады және 18 жылдан кейін компания банкротқа ұшыраса да, мәмілені бұзбауға уәде берді.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 680    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31