Теракт жасаған 38 адам өлім жазасына кесілді

19 ақпан 2022, 02:03

Үндістанның Арнайы соты 2008 жылы Ахмедабадтағы жарылысқа қатысты 38 айыпталушыны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Лаңкестер Гуджарат штатындағы ең ірі қаланың тұрғын аудандарында бір сағаттың ішінде 20-ға жуық бомбаны жарып жіберген.

Қалада 2008 жылдың 26 ​​шілдесінде кешкі сағат 18:45 шамасында жарылыстар басталды, олар бір сағат бойы қаланың әртүрлі бөліктерін қиратқан. 14 түрлі жерде барлығы 21 бомба жарылып, 57 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланды.

Ахмедабадтағы тұрғын аудандарға, базарларға, қоғамдық көліктерге және ауруханаларға бомбалар қойылды.