TikTok-қа тыйым салынды

11 наурыз 2021, 23:37

Пәкістан сот шешімінен кейін танымал TikTok әлеуметтік желісін бұғаттайды. Бұл туралы елдің телекоммуникациялық реттеу қызметі өкілі Хуррам Мехран мәлімдеді.

 «Сот Пәкістанның телекоммуникация басқармасынан TikTok – қа кіруге тыйым салуды сұрады», – деді ол және бұл бұйрықты орындайтынын айтты.
РИА Новостидің жазуынша, Пешавар қаласының Жоғарғы соты өтініш берушінің қосымша әдепсіз мазмұндағы дүниелерді тарататыны туралы дәлелдерімен келісе отырып, тыйым салу туралы бұйрық берген. Пәкістандағы TikTok өкілі сот шешімі туралы естіген, компания бұл туралы кейінірек түсініктеме бермек.

Өткен жылдың қазан айында Пәкістанда TikTok қосымшасына тыйым салынды. Бірақ он күннен кейін компания жазбаларды жергілікті заңдарға сәйкес модерациялауға уәде бергеннен кейін қосымшаның жұмысына тыйым салу тоқтатылған.

aikyn.kz