Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

TikTok-тағы ең танымал қалалар аталды

29 шілде 2022, 12:11

TikTok әлеуметтік желісінің бейнелерінде жиі кездесетін 50 қала аталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вounce сайтына сілтеме жасап.

Bounce жыл сайын TikTok платформасында ең көп қаралған туристік бағытты анықтайды және Travel Index рейтингін жасайды. Осы жылы бұл үшін 140 түрлі қала қаралым саны бойынша деректер талданды және ең танымал 50 қала анықталды.

 
Қазақстанның бірде-бір қаласы рейтингке енбеген, ал жақын көршілерден тек Өзбекстанды ғана атап өтуге болады. Ташкент тізімнің 49-позициясында орналасқан.

TikTok-та 81,8 миллиард рет қаралған Дубай ең танымал қала болды.

Екінші орында – Нью-Йорк (өткен жылы ол тізімді басқарды). Оның 59,5 миллиард қаралымы бар.

Үшінші орында - Лондон. Ол 36,8 миллиард рет қаралды.

Бестікке Ыстамбұл (34 миллиард қаралды) және Париж (33 миллиард) кірді.

Kaz.tengritravel.kz