Тікелей эфир кезінде әйелін өртеп жіберген еркек өлім жазасына кесілді

25 шілде 2022, 10:34

Қытайда тікелей эфир кезінде бұрынғы әйелін үстіне жанар-жағармай құйып, тірідей өртеп жіберген ер адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі жазды. Үкім 23 шілдеде елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында шыққан. Өлім жазасына кесілгенге дейін ер адамға қазіргі отбасымен кездесуге рұқсат етілген екен.

Қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын болған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шаршаған әйелі 2020 жылдың маусым айында ажырасуға арыз берген. Алайда бұл шешімге күйеуі келіспеген. Тіпті бірнеше рет қосылуды өтініпті. Әйел одан бас тартқан. Содан кейін бұрынғы әйелінің үйіне барып, үстіне жанар-жағармай құйып, өртеп жіберген. Сол кезде әйел тікелей эфирде ақыл-кеңес айтып отырған.