Тікелей эфирде журналисті көлік қағып кетті (видео)

21 қаңтар 2022, 09:57

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында тікелей эфирде журналисті көлік қағып кетті. Оқиғаның видеосын оның әріптесі Ли Кей Говард Twitter парақшасында жариялады.

 

Кадрдан жол талғамайтын көлік WSAZ телеарнасының репортері Тори Йоргиді қағып құлатқаны көрінеді.

 

 

Бірнеше секундтан кейін қыз кадрға қайта шығып, тікелей эфирді жалғастырды.

 

"О, Жасаған! Жаңа ғана мені көлік қағып кетті, бірақ жағдайым жақсы", - деді ол. 

 

Ролик әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті. Сондай-ақ жүргізуші Тим Иррдің реакциясы қолданушылардың ерекше назарын аударды.

 

"Ол осындай жағдайды күнде көріп жүрген адам секілді отыр", - деп жазды олардың бірі.

 

"Жүргізушінің бет-әлпетінде алаңдаушылықтың болмауы елең еткізді, ал репортерге " Эмми", "Оскар", "Алтын глобус" және Нобель сыйлығын беруді ұсынамын", - деп түйіндеді тағы бір қолданушы.

 

"Жүргізуші оны көріп тұр ма, әлде телесуфлерге қарап тұр ма?" – деп сұрады үшіншісі.

 

Қызға мамандығын ауыстыруға кеңес берген оқырмандар да болды.

 

 

 

sputnik.kz