Шартарап

Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

  • Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

    Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшылары Мәуліт мерекесіне орай құттықтаулармен алмасып, екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамытудың нақты жолдары бойынша пікірлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тамим бен Хамад Әл Тани бүгінгі таңда коронавирус пандемиясы халықаралық қауымдастық мүшелері арасындағы толыққанды қарым-қатынастарды айтарлықтай шектеп отырғанына қарамастан, Қазақстан мен Қатардың ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Қазақстан Президенті Қатар әміріне COVID-19 індетіне қарсы күресте елімізге қажетті құрал-жабдықтар түрінде көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіріп, бұл қадамды шынайы достықтың көрінісі деп бағалайтынын айтты.

Әлемде қалыптасқан күрделі жағдайда екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды әрі қарай өрістетудің маңыздылығы мен мүдделілік қуатталды. Осы ретте, мемлекет басшылары 2019 жылы жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, екі ел арасындағы банк, қаржы, көлік, логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм салалары мен басқа да бағыттар бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қатысты іс-қимылдарды кеңейту жолдарын талқылады. Аталған мақсатта Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тамим бен Хамад Әл Тани ресми және бизнес делегациялармен алмасуға қолдау көрсетуге келісті.

Сұхбатты қорытындылай келе, шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі жылы Қазақстанға сапармен келу жөніндегі шақыруын қабыл алды.




Көрілген: 230    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 22:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31