Токиода 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді

07 қазан 2021, 22:20

Токио ауданында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы мәлімдеді. Жер дүмпулерінің эпицентрі Токио мен Тиба префектураларының шекарасында орналасқан. Сілкініс тереңдігі – 80 шақырым. Жапония астанасындағы ғимараттардың қабырғалары босап қалды. Көшелерде ескерту жедел жүйесі іске қосылды. Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жоқ, алайда сейсмологтар жердің қайта сілкінуі мүмкін екенін айтты. Оқиғадан кейін Токио ауданындағы жүрдек пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Еске салсақ, 6 шілде күні таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болды, салдарынан үш адам жарақат алды.
ҚазАқпарат