Шартарап

Томирис Байсафаның өлімі: экс-шенеуніктің ұлы ұсталды

  • INSTAGRAM / _AHMETOVA_ZHANNA_

    INSTAGRAM / _AHMETOVA_ZHANNA_

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтірген күдікті ұсталды. Ол Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы, деп хабарлайды "5 канал".

 

Ақпаратқа сәйкес, Муртузали Меджидов 28 шілде күні Мәскеуде ұсталған. Тергеушілер ол Томиристі терезеден итеріп өлтірді деген болжам жасап отыр.

 

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мәскеуде қазақстандықты өлтірген күдікті ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

 

"Сыртқы істер және ішкі істер министрліктері ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратты нақтылап жатыр", -деді ведомствода.

 

Мәскеуде көз жұмған қазақстандық қыздың ісі

 

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуір айында ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3 мамырда көз жұмды.

 

Томиристің туыстары оның өлімі кездейсоқ трагедия емес деп есептейтінін мәлімдеді. Өйткені тергеудің бірінші кезеңінде төтенше жағдай болған сәтте бөлмеде оның курстасы болғаны анықталған. Тергеу екі жыл бойы бұл оқыс оқиға емес, адам өлтіру фактісі болғанына дәлел жинақтады.

 

Бұған дейін қыздың анасы жаңа тергеуші тергеу шаралары толық көлемде жүргізілмегендіктен, "уақыты өтіп кетті" деп есептейтінін айтқан болатын. Ол қажетті материалдар алынбағанын, тиісті сараптамалар жасалмағанын айтты. Жанна Ахметова мұны тергеушілер әдейі істегенін мәлімдеген еді.

 

Өткен жылдың қазан айында қыздың анасы Тоқаевпен кездесті. Президент бұл оқиғаны жеке бақылауына алған болатын.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 1370    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 19:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30