Шартарап

Томирис Байсафаның өліміне қатысты апелляциялық шағым Мәскеу сотына түсті

  • Томирис Байсафаның өліміне қатысты апелляциялық шағым Мәскеу сотына түсті

    Томирис Байсафаның өліміне қатысты апелляциялық шағым Мәскеу сотына түсті

Бірақ сот апелляция қай күні қаралатыны туралы хабарламады.

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық шағым Мәскеу сотына келіп түсті, деп хабарлайды ЭК.

Томиристің анасы Жанна Ахметова Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовке байланысты Никулин аудандық сотының үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.

"Мәскеудің Никулин аудандық сотына жәбірленушіден және мемлекеттік айыптаушылардан апелляциялық шағымдар түсті", — делінген Мәскеу сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бірақ сот апелляция қай күні қаралатыны туралы хабарламады.

Айта кетейік, 8 маусымда қазақ қызы Томирис Байсафаның өлімі бойынша басты күдіктіні Мәскеудегі алқа билер соты ақтап жіберген болатын. Бұл процесс оффлайн форматта, бірде-бір журналистің қатысуынсыз өткен еді. Осы сот отырысының алдында Жанна Ахметова Инстаграмдағы парақшасында соттың әділ өтпей жатқанын мәлімдеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.

Кейіннен анасы істі қарау барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілгенін айтып, прокуратура өз тарапынан апелляцияға міндетті түрде шағым түсіреміз деп мәлімдеді.

Еске салсақ, 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда оқу орнының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен еді. Бірнеше ота жасалғанымен, ол есін жимастан сол жылдың 3 мамырында қайтыс болды. Томиристің туыстары оның өзіне-өзі қол салғанына сенбейді.




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 14:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31