Шартарап

Тоңазытқыштан 37 жыл сақталған нәрестенің денесі табылды

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Тоңазытқыштан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.


Америкадағы Сент-Луис қаласының, Миссури штатында тұратын әйел нәрестенің денесін тоңазытқышта 37 жыл бойы сақтап келген.


37 жастағы Адам Смит анасының бұл құпиясын, ол көз жұмған кезде бірақ білген. Анасының бөлмесін жинап жүріп азамат тоңазытқыштың ішінен кішкентай қорап тауып алған.


"Мен 37 жастамын. Осы уақыт бойы қорап тоңазытқышта болған. Маған бұл тойға арналған тәттілерді безендіретін заттар деп айтатын. Оның терісі, шаштары қалыпты. Ол мумияға айналып кеткен", - дейді Адам Смит.


Ер адам барлығын орнына салып, полиция шақырған. Нәрестенің кім екені әлі анықталмаған. ДНҚ нәрестенің Смиттің туысы болған, болмағанын тексеретін болады. Адам Смит анасының дүниеден өткен бала туралы айтқандарын естіп қалған. Ал туысқандары егіздер туралы айтып, бірі қайтыс болған, екіншісін біреулер бағып алған дейтін көрінеді.


"Тіпті қайтыс болар алдында жазған хатында да анам бұл туралы айтпаған. Соған қарағанда, балаға өзі зиянын тигізіп алып, барлығынан жасырған сияқты", - деп күдіктенді Смит.


 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 10:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31