Тонго патшалығында атқылаған жанартаудың ғарыштан түсірілген видеосы

16 қаңтар 2022, 17:07

Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауының атқылаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Оянған жанартау Тонга аралының жағалауында биіктігі бір метрден асатын толқындарды тудырып, айналаға қауіп төндірді.

 

Осыдан кейін биіктігі үш метрге дейін көтерілетін цунамидің болу қаупі бары айтылады. РИА Новости хабарлағандай, Жапонияның сегіз префектурасында табиғаттың тосын мінезіне байланысты 230 мың адамды эвакуациялау туралы бұйрық шықты.

 

Бұл арадағы ескертулер Аомори, Ивате, Мияги, Чиба, Токусима, Коти, Миязаки және Кагосима префектураларының тұрғындарына қатысты екендігі атап өтіледі. Жағалау тұрғындарына эвакуациялық орталықтарды уақытша паналай тұру ұсынылды.

 

Одан бөлек Чилиде жағажайлар жабылып, қауіп-қатердің "қызыл" белгісі жарияланды.