Төрт бала үйдегі анасының мәйітімен екі жыл тұрған (фото)

02 қараша 2020, 15:31

Американың Теннесси штаты Нашвилл қаласының полицейлері үйден үй иесін көшіруге келіп, оның мәйітін көрген. Балалары екі жыл бойы марқұмның денесіне тиіспепті деп хабарлайды Lenta.ru.

 

Дэвидсон округының полиция қызметкерлері 56 жастағы Ларинда Джолидің денесін 21 қазан күні өз төсегінен тапқан.

 

Олар үйге келіншектің Энтони есімді ағасымен келген. Ал марқұмның балалары Ларинданың 2017 жылы қайтыс болғанын айтыпты.

 

"Онда ештеңе жоқ. Тек сүйектері қалған", - дейді Энтони.

 

Джоллидің барлық төрт баласының да психикалық ауытқуы болған, олар өлген анасымен екі жыл бірге тұрған.

 

Энтони әпкесімен көп сөйлеспеген екен, бірақ тұрақты түрде қоңырау соғып тұрыпты. Ал соңғы уақытта телефонды балалар көтеріп, анасы сөйлесе алмайтынын жеткізіп жүрген.

 

Үйдегілермен тілдескен Энтони марқұмның соңғы сөздерін де естіген. Ларинда балаларына ешкімге хабарласапауды және өзіне тиіспеуді сұраған.

 

Джоллидің дене қалдықтары сараптамаға жіберілді. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге жұмбақ. Бірақ, келіншекті азаптап өлтірді дегенге ешқандай дәйек жоқ.

 

Төрт бала да уақытша қонақүйге жатызылды. Әлеуметтік қызметкерлер оларға қамқоршы іздеп жатыр.

 

nur.kz