Шартарап

Тойда көз жұмған қалыңдықтың орнына сіңілісі тұрмысқа шықты

  • Тойда көз жұмған қалыңдықтың орнына сіңілісі тұрмысқа шықты

    Тойда көз жұмған қалыңдықтың орнына сіңілісі тұрмысқа шықты

Үндістанда қалыңдық неке қию рәсімінде көз жұмды. Ал оның жанұясы тойды тоқтатпауды жөн көріп, күйеу жігітке марқұм қыздың сіңілісін тұрмысқа берген деп жазады centralasia.media

Оқиға Үндістандағы Самаспур ауылында болған. Қалыңдық пен күйеу жігіт қорытынды "фера" той рәсіміне дайындалып жатқанда қалыңдық ойда-жоқта есінен танып қалған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігер оның өлімін тіркеген. Қалыңдықтың күтпеген жерден жүрегі тоқтап қалған екен.

"Біз бұл жағдайда не істерімізді білмедік. Жанұямызбен келісе отырып, кіші қарындасымызды тұрмысқа береміз деп шештік", - дейді қыздардың ағасы.

Айтуынша, марқұм қыздың денесі күйеу жігіт пен қалыңдықтың неке қию рәсімі өткен жердің маңындағы бөлмеде жатқан.

"Бұл - біздің жанұямыз үшін ауыр сынақ. Бірінші қызы бір бөлмеде өлі күйінде жатты, ал келесі бөлмеде екінші қызының тойы өтіп жатты. Мұндай аралас эмоцияны ешқашан бастан өткермегенбіз", - дейді қыздардың жақын туысы.

Айта кетейік, осыған дейін Үндістанда қалыңдық сүйіктісінің көбейту кестесін білмеуіне байланысты үйлену тойдан бас тартқанын жазған едік.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, неке қиятын сәтте қалыңдық күйеу жігіттен 1-ден 9-ға дейінгі сандарды 2-ге көбейтуді сұраған. Алайда ер адам ханшайымының бұл сынынан өте алмапты. Осыдан кейін қалыңдық аталған азаматқа үйленуден бас тартқан екен.

"Күйеу жігіттің отбасы оның білімі туралы ештеңе айтпаған еді. Оның мектепке де бармауы мүмкін", - деп қыздың немере ағасы. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 4499    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 19:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31