Тойға қонақ болып келген бойжеткен күйеу жігітке екінші әйелі болып тиіп алды

02 тамыз 2021, 19:27

20 жастағы екі жас Корика Акбар мен Нур Хуснул Котимах дүрілдетіп той өткізіп жатқан. Сол кезде Юанита Рури деген күйеу жігіттің бұрынғы сүйіктісі кіріп келіп, "маған да үйлен" деп ұсыныс жасапты.

 

Индонезиялық бойжеткен бұрынғы жігітінің тойына шақырусыз келіп, оның екінші әйелі болып неке қидырды, деп хабарлайды ЭК.

 

Asia One таратқан ақпаратқа қарағанда, оқиға былай өрбіген. 20 жастағы екі жас Корика Акбар мен Нур Хуснул Котимах дүрілдетіп той өткізіп жатқан. Сол кезде Юанита Рури деген күйеу жігіттің бұрынғы сүйіктісі кіріп келіп, "маған да үйлен" деп ұсыныс жасапты.

 

Ол жігітінің басқа қызға үйленіп жатқанын әлеуметтік желіден білген. Мән-жайдан бейхабар ортақ достары "екеуі үйленіп жатыр екен" деп шатастырып, Руриді құттықтаған көрінеді. Мұны естіген қыз дереу қалыңдықтың көйлегін киіп, той болып жатқан жерге жетіп келген. Күйеу жігіттен өзін екінші әйел ретінде алуды сұраған.

 

Бұған таңырқаған Акбар отбасымен кеңесе отырып, екі қызға бірдей үйленуге ұйғарыпты.

 

Қалың малдарын бірдей төледім. Екі бірдей шаңырақ көтеру оңай емес екен. Қазір өзім жұмыссызбын. Енді екеуін асырауым керек, -дейді күйеу жігіт.

 

 

 

sn.kz